Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік Астанада Әлиевтің келуіне орай егілген ағаштардың неге қайта қазылғанын түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Бейнежазба кадры
Бейнежазба кадры. Скриншот: t.me/myastanacity

Елорда тұрғыны қалада Әзірбайжан президенті келер алдында отырғызылған шыршалардың қазылып жатқанына наразы болды. Астана әкімдігінің өкілдері ресми Telegram арнасында мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана - Не? Қайда? Қашан?" Telegram арнасында қала тұрғынының наразылық білдірген видеосы пайда болды.

Кадрларда жүк көлігі мен жұмысшылар шыршаны жинап жатқанын көруге болады. Жерде жатқан ағаштардың бірі кранмен көтеріліп, жүк тиегішке салынған.

"Міне, біздің Жаңа Қазақстан. Ильхам Әлиев келгенде шыршаны отырғызған еді, ал қазір оларды алып кетіп жатыр. Міне - көлік, міне - кран, қазір көтереді", - деді әйел.

Алайда Астана әкімдігі бейнежазбада көрсетілген шыршалардың жай ғана қайта отырғызылғанын айтты.

"Есіл ауданының әкімдігі ботаникалық бақ аумағында абаттандыру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады. Бейнежазбада көрсетілген Гейдар Әлиев көшесінің бойындағы 5 шырша әрі қарай тамырын жаюы үшін 100 метр қашықтықта қайта отырғызылды. Айта кетейік, қайта отырғызу барысында көшеттерге зақым келтірілмеді", - деп түсіндірді қала әкімдігі.

Абаттандыру жұмыстары аясында ботаникалық бақтың бірінші қатарында жөке және арша сияқты жапырақты ағаштар мен жас бұталар отырғызылған.

"Бұл шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және барлық келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Әкімдік жасыл желектер мен қала аумағын абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда", - деп қосты әкімдік өкілдері.

Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары

10 сәуірде Қазақстан астанасына ресми сапармен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев келген болатын. Оны әуежайда премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Одан соң Ақордада Әзірбайжан Республикасының президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Алдымен мемлекет басшылары шағын отырыста келіссөз жүргізген. Содан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізген болатын.

Қазақстан президенті бүгінгі толық форматтағы келіссөздің нәтижесін жоғары бағалады, бұл мемлекет басшыларының өзара ынтымақтастығын жан-жақты нығайтуға тырысып жатқанын көрсетті.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан Республикасы және Әзірбайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесін құру туралы бірлескен мәлімдемеге мен хаттамаға қол қойды.

Екі мемлекет басшылары бірден алты меморандумға қол қойып, кейін бірлескен мәлімдеме жасағаны хабарланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Астананың орталығындағы Гейдар Әлиев көшесінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Салтанатты іс-шарадан кейін мемлекет басшылары бірге ботаникалық баққа ағаш отырғызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016749-akimdik-nege-astanada-alievtin-keluine-orai-egilgen-agastardyn-qazylganyn-tusindirdi-video/

pixel