jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларының бірінде қар жауады

қар
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер бүгін, 16 сәуір еліміздің ірі қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Қалада күндіз ауа температурасы +18...+20 градусқа барады деп күтіліп отыр.

Ал Астанада жексенбіде тағы қар жаууы мүмкін және нөлден төменгі температура сақталмақ. Мамандар 16 сәуір күні қалада термометр бағанасы -4 пен 2 градусты көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар Астанада бүгін жел соғады және оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шымкентте бүгін жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің дерегінше, еліміздің мегаполисінде жексенбіде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды және ауа температурасы +20...+22 градус болмақ.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның көп өңірінде дауылдық ескерту жарияланды.

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларының бірінде қар жауады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.