jitsu gif

Қостанай облысында жоғалған жасөспірім Аманқарағай ауылынан табылды

Теріс қарап тұрған жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанай облысының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Аманқарағай ауылынан тапты, хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының Telegram-дағы арнасында.

"16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан шығып жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовті полиция 17 сәуір кешке тапты. Ол Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында туыстарының үйінде болған", - делінген ведомство хабарламасында.

Медиа-порталдың мәліметінше, жасөспірім үйін сағынған. Сол себепті білім беру нысанынан шығып, жолға шыққанын айтты. Қазіргі уақытта тәрбиешілер мен психологтар кәмелетке толмаған оқушымен жұмыс істеуде.

Айта кетейік, кеше Қостанай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатқанын жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.