jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркістан облысында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған сыныптастар көпбалалы анаға үй салуда

Баспана
Баспана құрылысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылындағы орта мектепті 2003 жылы бітірген түлектер игі істі қолға алып отыр. Мектептен түлеп ұшқандарына биыл 20 жыл болған сыныптастар ұйымдасып қаржы жинап, ауылдас көпбалалы жалғызбасты анаға баспана салып беруге келіскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айтуларынша, алты сыныптан алты өкіл - Құлтасов Бағлан, Керімбеков Нұрбол, Архабаев Дәулет, Шериев Руслан, Батанов Бағлан, Кенжебаев Хамит бас болып жігіттердің үй құрылысына ұйымдасуына ұйытқы болып отыр.

Төрткүлдік сыныптастар
Төрткүл ауылының азаматтары. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған текті қазақтың ұрпағымыз. Асыраушы ер азаматы жоқ деп, балалары қатарынан қалмай заманауи жаңа үйде тұрсын деген ниетпен осы істі қолға алдық. Осы ауылдың 1985-1986 жылы туған жігіттері бірігіп, мектепті аяқтағанымызға жиырма жыл толған айтулы датаны алдымен қайырымды іспен есте қалдырғымыз келді. Көпбалалы жеңгеміз Ләззат Байларованың төрт перзенті бар. Балалардың үлкені сегізінші сыныпта оқыса, кішісі балабақша жасында", - дейді Құлтасов Бағлан.

Свежая публикация по теме:
Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Төрткүлдіктер тұрғызып жатқан баспана
Төрткүлдіктер тұрғызып жатқан баспана. Фото: KAZ.NUR.KZ

Төрткүлдік түлектер баспана құрылысын 21 наурызда бастаған. Бүгінгі таңда қабырғасын қалап, шатырын жауып қойған. Қазір ішкі сылақ жұмыстары жүріп жатыр екен.

баспана
Баспана құрылысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Сыныптастар үйді көпбалалы анаға табыстағанынша тыным таппайтынын айтады.

Автор: Жанар Пердешқызы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.