Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кредиті жоқ секілді": жапан далада жалғыз билеген жігіт жұртты күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Биші жігіт
Видеодан кадр: Instagram/qazaqsinba

Әлеуметтік желіде ер адамның кең далада билеген сәті тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі qazaqsinba тобында жарияланды.

Кадрдан ер адамның кең далада барын салып билегенін аңғару қиын емес. Сонымен қатар роликте мотоцикл және жайылып жүрген қойлар көрінеді.

"Жақында кімнің тойы? Билегіміз келіп жүр", - делінген видео мәтінінде.

Бұны тамашалаған желі оқырмандары ер адамға керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтып, жылы лебіздерін жазып қалдырды.

"Кредиті жоқ секілді", "Жарайсың бауырым. Дәл осылай көңілді жүру керек", "Жақсы билейді екен", "Тойды қыздыратын азамат екенсің", "Биі өзіне жарасап тұр", "Биін көріп, ауылымды еске алып отырмын", "Тойға барса, барлық сыйлықты ұтып алатын жігіт екен", "Көптен бері тойға бармаған-ау, айдаланың шаңын шығарып биледі", - деді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін көпқабатты үйдің тұрғындарының жүк көлігінде ауызашар жасаған сәтінің видеосы тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017449-krediti-zoq-sekildi-zapan-dalada-zalgyz-bilegen-zigit-zurtty-kulkige-qaryq-qyldy-video/

pixel