Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Түркиядағы атыс кезінде зардап шеккен қазақстандықтың қазіргі жағдайын хабарлады

Опубликовано:

науқас
Көрнекі фото: Pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Түркиядағы атыс кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматының жағдайы тұрақты дейді. Бүгінде ол оқты шығару үшін жасалатын отаны күтуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін 31 жастағы Қазақстан азаматының Түркияда жүрген кезінде оқ жарақатын алғаны белгілі болды. Ол Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оқиға Чекмекей провинциясында болған.

"18 сәуірде Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығына біздің азамат қоңырау шалып, атыс қаруынан жарақат алғанын айтты.

Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден кейін оқты алу операциясын күтуде, жағдайы қазір тұрақты. Ыстамбұлда жәбірленушінің әйелі де қасында", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомствоның баспасөз қызметі алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық азамат жергілікті тұрғындардың арасындағы атыс кезінде кездейсоқ зардап шеккенін хабарлаған.

"Ол үйге жаяу келе жатқан еді, кіреберіске кірген кезде оқтың бірі оған тиген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тексеріс жүргізуде", - делінген хабарламада.

Хабарламаға сәйкес, қазақстандық азамат Түркияға отбасымен келген. Ол екі жасар қызын емдетуге әкелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017521-sim-turkiyadagy-atys-kezinde-zardap-sekken-qazaqstandyqtyn-qazirgi-zagdaiyn-xabarlady/

pixel