Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

TikTok желісіне тыйым салу туралы депутаттар ұсынысына ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жауап берді

Жарияланған күні:

TikTok логотипі
TikTok логотипі. Фото: pexels.com

Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай және Жанарбек Әшімжан ата-аналарды балаларын мұқият қадағалауға және олардың әлеуметтік желілерді еркін қолдануына ерік бермеуге шақырған болатын. Депутаттардың бұл ұсынысына ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Евгений Кочетов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу туралы ұсынысына қатысты ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұстанымын жеткізді.

"Министрлік ұстанымында "тыйым салу" сөзі мен мысалы, кейбір ақпараттық ресурс немесе TikTok мүлдем бірдей ұғымдар емес. Керісінше, біз барлығын белсенді түрде талқылап, әртүрлі әлеуметтік желі құралдары арқылы қолдануды жақтаймыз.

Маңызды ескерту – заңды сақтау үшін. Яғни, егер белгілі бір мәселелерді талқылау аясында, соның ішінде TikTok-та заң бұзушылық туралы мәселе туындаса, біз бұған қол жетімді құралдар аясында ең болмағанда белсенді түрде жауап қатуға міндеттіміз. Сондықтан, тағы да сіздің сұрағыңыздың жауабын қорытындылай келе, біз ешқашан тыйым салмаймыз деп айта аламын. Біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде әрекет етуді қолдаймыз", - деді ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов.

Естеріңізге сала кетейік, мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай және Жанарбек Әшімжан ата-аналарды балаларын мұқият қадағалауға және олардың әлеуметтік желілерді еркін қолдануына ерік бермеуге шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018080-qazaqstanda-tiktok-zelisin-zabu-turaly-deputattar-usynysyna-aqparat-zane-qogamdyq-damu-ministrligi-zauap-berdi/