jitsu gif

"Қатты стресс алған": мамандар Алматы облысынан табылған қар барысының қазіргі жай-күйін айтты

Қар барысы
Қар барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы хайуанттар бағының қызметкелері бұған дейін Алматы облысының тұрғыны тауып алған қар барысының қазіргі жай-күйін айтты. Мамандар жыртқыш жануар туралы желіде арнайы видеода жариялады.

Зообақ мамандарының мәліметінше, 2,5-3 жастағы қар барысы Алматы зообағына 20 сәуір күні Алматы облысындағы Сарыбастау ауылынан жеткізілген.

"Жыртқыш жануар әбден әлсіреген, сол жақ алдыңғы аяғының табаны мен артқы аяқтарының табанында кесілген жарақаттар болды. Ветеринар дәрігерлер бақылау жүргізіп, оның аяқтары жарақат салдарынан дірілдейтінін анықтады", – дейді зообақ қызметкерлері.

Мамандар иммунитет көтеретін дәрілер салып, жарасын таңғаннан кейін барыс арнайы жеке вольерге орналастырылған.

"Жыртқыш жануар күшті стресс алған, біз оны барынша мазаламауға тырысамыз. Тәбеті жақсы, күніне 2,5 кг (сиыр, тауық, қоян еті) ет жейді. Қазіргі уақытта жағдайы түзеліп келеді", – дейді зообақ мамандары.

Жануардың денсаулық жағдайын толық анықтау үшін мамандар сынама алып, рентгенге түсірген. Қазіргі уақытта олар нәтижесін күтуде.

"Қатты стресс алған": мамандар Алматы облысынан табылған қар барысының қазіргі жай-күйін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.