jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Бас имам болып тағайындалдым": танымал Нұрлан имам көпшілікке қуанышын бөлісті (фото)

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы Астанадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды. Бұл жайлы имамның өзі Instagram парақшасында мәлім етіп, көпшілікке қуанышын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы "Алланың гүлі" аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық.

Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын", - деді Нұрлан имам.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы бірнеше тіл білетінін айтқан болатын. Дінтанушы қыр­ғыз, өзбек, әзербайжан, түрік, араб, орыс тілдерін меңгерген.

"Бас имам болып тағайындалдым": танымал Нұрлан имам көпшілікке қуанышын бөлісті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.