jitsu gif

Медеудегі өртті сөндіру кезінде көз жұмған Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды

Арслан Құрманбеков
Арслан Құрманбеков. Фото: instagram.com/almaty_tjd

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды (марқұм)", - делінген хабарламада.

Арслан Құрманбеков - азаматтық қорғаныс сержанты. Ол 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған.

Кейін Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші, аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған.

2019 жылы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы қызметіне келген.

Биыл 8 мамырда Арслан Құрманбеков Іле-Алатау табиғи паркінің тау бөктеріндегі өртті сөндірген жедел топтың құрамында қызметтік борышын атқарып жүріп, қайғылы жағдайда қаза тапты.

Алматы қалалық ТЖД Арслан Құрманбековтің мұрагерлеріне оның 60 айлық қаражаты (5 жылғы) - шамамен 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетінін хабарлаған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.