Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудағы шарлар алқабы қорғауға алына ма: өңірлік әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Шарлар алқабы
Шарлар алқабы. Көрнекі сурет: Instagram.com/@azamat_sarsenbayev

Маңғыстау облысының әкімдігі шар тәріздес ерекше тастарымен ерекшеленетін Торыш шатқалын жергілікті бюджет есебінен қорғауға алу мүмкін емес екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жергілікті бюджет есебінен Торыш шатқалындағы аумақты күзету жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес.

"Жуырда осы табиғат ескерткіштерін мемлекеттік қорғауға алу мәселесі уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауына ұсынылатын болады. Ал Маңғыстау тұрғындарын табиғи көрікті жерлерімізге қамқорлық жасауды сұраймыз", делінген ведомствода.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында орналасқан туристерге танымал "Шарлар алқабынан" әлдекімдердің тастарды жүк көлігіне тиеп жатқаны бейнеленген видео тарағаны туралы жазған едік. Желі қолданушылары Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің маңында безендіру мақсатында тастар қолданылатынын айтқан.

Кейін полицейлер шарлар алқабынан тастарды алып шыққан жүк көлігінің жүргізушісін тапқан, бірақ ол жауапкершілікке тартылған жоқ. Тәртіп сақшылары онымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Торыш алқабында орналасқан ерекше шарлар алқабы Маңғыстау өңіріндегі ең жұмбақ жерлердің бірі болып табылады. Алқап Қаратау жотасы мен Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарының арасында орналасқан. Бұл аймақ үлкен тас шарлармен көмкерілген, ғалымдар оларды конкреция деп атайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020796-mangystaudagy-sarlar-alqaby-qorgauga-alyna-ma-onirlik-akimdik-zauap-berdi/

pixel