jitsu gif

Алматы қаласы Әділет департаменті онлайн түрде некелесуге қатысты ақпаратты түсіндірді

Жас жұбайлар
Жас жұбайлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қаласы Әділет департаменті онлайн некелесуге қатысты ақпаратты түсіндірді. Ведомствода онлайн түрде тек тіркеуге өтініш беруге болатынын нақтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласы Әділет департаментінің хабарлауынша, жас жұбайлардың өтініші бойынша некені тіркеу туралы өтініш онлайн түрде беріледі. Ал тіркеу тек жас жұбайлардың қатысуымен ғана жүргізіледі.

"2023 жылғы 15 мамырда өткен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берілетіні туралы баспасөз мәслихатында спикер нақты емес ақпарат берген", - деп хабардар етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, брифингте спикер некені тіркеуге өтініш берген кезде жас жұбайлардың қалауы бойынша некені тіркеу онлайн түрде, сондай-ақ жас жұбайлардың қатысуымен де жүргізілетінін айтқан болатын.

Алматы қаласы Әділет департаменті онлайн түрде некелесуге қатысты ақпаратты түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.