Қызылордалық ауыл тұрғыны бөтелкеден салған моншасын көрсетті
Жарияланған күні:
Қызылорда облысы Түгіскен ауылының тұрғыны Әбдіқайым Атақожаевтың 2009 жылы салған ерекше моншасы әлеуметтік желіде ел назарын аударды. Ауыл тұрғыны ауданы 9 шаршы метр болатын шыны моншасын бір жазда тұрғызған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Монша құрылысына 3900 бөтелке жұмсалған. Шыны құтыларды ауыл тұрғыны тойханалар мен жергілікті дүкендерден жинастырғанын айтады.
Әбдіқайым Атақожаевтың сөзінше, монша салынған соң 7-8 жыл жағылған. Қазір ішіндегі пеші жарамсыз болып қалыпты.
"4 жылдай болды жанбай тұр. Бұрын көбінесе осы ауылдың мектеп оқушылары келіп түсіп жүрді. Ішінде екі бөлме", - дейді ол.
Шыны бөтелкені құрылысқа пайдалану Әбдіқайым Атақожаевтың өз идеясы екен.
"Өзім құрылысшымын, бөтелке көп болғаннан кейін балалар анау орталықтағы моншаға барғанша үйде түссін деп салғанмын. Бұл ауылда 4500 адам тұрады. Моншаға бір мектептің баласы түсті десем артық айтпаймын. Дүйсенбі күні ғана жақпайтынмын. Кейіннен бұндай бөтелкеден Алматыда екі қабатты үй де салынған. Ол жерде, әрине, арматура, сейсмобелдеу бар", - дейді ауыл тұрғыны.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021098-qyzylordalyq-auyl-turgyny-botelkeden-salgan-monsasyn-korsetti-foto/