jitsu gif

Қызылордалық ауыл тұрғыны бөтелкеден салған моншасын көрсетті

Моншаны салған ауыл тұрғыны
Әбдіқайым Атақожаев. Фото: жеке мұрағатынан

Қызылорда облысы Түгіскен ауылының тұрғыны Әбдіқайым Атақожаевтың 2009 жылы салған ерекше моншасы әлеуметтік желіде ел назарын аударды. Ауыл тұрғыны ауданы 9 шаршы метр болатын шыны моншасын бір жазда тұрғызған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Монша құрылысына 3900 бөтелке жұмсалған. Шыны құтыларды ауыл тұрғыны тойханалар мен жергілікті дүкендерден жинастырғанын айтады.

Түгіскен ауылындағы ерекше монша
Шыны бөтелкеден салынған монша. Фото: ауыл тұрғынының жеке мұрағатынан

Әбдіқайым Атақожаевтың сөзінше, монша салынған соң 7-8 жыл жағылған. Қазір ішіндегі пеші жарамсыз болып қалыпты.

моншаның ішкі жағынан көрініс
Моншаның іші. Фото: ауыл тұрғынының жеке мұрағатынан

"4 жылдай болды жанбай тұр. Бұрын көбінесе осы ауылдың мектеп оқушылары келіп түсіп жүрді. Ішінде екі бөлме", - дейді ол.

шыны бөтелкеден салынған монша
Моншаның іші. Фото: ауыл тұрғынының жеке мұрағатынан

Шыны бөтелкені құрылысқа пайдалану Әбдіқайым Атақожаевтың өз идеясы екен.

"Өзім құрылысшымын, бөтелке көп болғаннан кейін балалар анау орталықтағы моншаға барғанша үйде түссін деп салғанмын. Бұл ауылда 4500 адам тұрады. Моншаға бір мектептің баласы түсті десем артық айтпаймын. Дүйсенбі күні ғана жақпайтынмын. Кейіннен бұндай бөтелкеден Алматыда екі қабатты үй де салынған. Ол жерде, әрине, арматура, сейсмобелдеу бар", - дейді ауыл тұрғыны.

шыны бөтелкеден салынған монша
Шыны бөтелкеден салынған монша. Фото: ауыл тұрғынының жеке мұрағатынан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.