jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы мен Алматы облысында бұршақ жауды (фото, видео)

Бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Жексенбі, 21 мамырда Алматы мен Алматы облысында қатты бұршақ жауды. Қала және өңір тұрғындары әлеуметтік желіде фото, видеоларын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының мәліметінше, Алматының жоғарғы және төменгі бөліктерінде, сондай-ақ Алматы облысының кей аудандары, атап айтқанда, Есік пен Талдықорғанда бұршақ жауған.

Жарияланған суреттер бұршақтардың айтарлықтай үлкен екенін көрсетеді. Бұршақ көлемі шамамен сіріңке қорапшасының жартысындай.

Бұл ретте синоптиктер алматылықтарға күн күркіреп, жел күшейетінін ескертті. Кейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті де ауа райының қолайсыздығы туралы SMS-хабарлама жіберді.

Айта керу керек, Алматы тұрғындарын бүгін де қолайсыз ауа райы күтіп тұр. "Қазгидромет" мәліметінше, дүйсенбі, 22 мамырда оңтүстік астанада тағы да найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, бүгін Алматы, Жетісу облыстарында да найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің тағы бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Алматы мен Алматы облысында бұршақ жауды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.