jitsu gif

Петропавлда аула сыпырушы көпқабатты үйдің алдын адам танымастай өзгертіп тастаған (видео)

Бақытжан Әділов
Бақытжан Әділов. Видеодан кадр: "Хабар24"

Петропавлда аула сыпырушы ескі ойыншықтар мен тұрмыстық заттардан неше түрлі мүсіндер жасап, көпқабатты үйдің ауласын адам танымастай өзгертіп тастаған, деп хабарлайды "Хабар24".

Телеарнаның хабарлауынша, ауладағы көздің жауын алатын мүсіндерді Бақытжан Әділов өзі жасаған. Осылайша, ол түкке жарамай қалған ескі заттарға екінші өмір сыйлап жүр.

"Темір-терсектерді лақтырып жібереді, балондарды тастайды, соларды жинап-жинап, құрастырдым. Тарелканы алып келіп, ойыншықтар секілді іліп-іліп қойдық, балаларға қызық қой", - дейді аула сыпырушы Бақытжан Әділов.

Ауланың көз тартар кейіпке енуіне тұрғындар да үлес қосқан. Солардың бірі – Афанасий Дроздецкий. Ол талай жыл пәтер иелері кооперативін басқарған. Қазір 95-те. 

"Бұл жерде түк болмады. Бірте-бірте көлік тұрағы пайда болды, содан кейін үйдің алды асфальтталды. Біздің аула ең әдемі, ең таза", - дейді Афанасий Дроздецкий.

Бақытжан Әділов ауланы абаттандырып қана қоймай, жасыл желекке де бөлген. Ол гүл егіп, көлік тұрағын да белгілеп қойған. Өзі жасаған мүсіннің бәрін сырлап, күтіп ұстайтын да айта кетті. 

Айта кетейік, бұған дейін өзі тұратын үйдің кіреберісін пластикалық қақпақтардан жасалған мозаикалық суреттермен безендірген Балқаш қаласының тұрғыны жайлы жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.