Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында ірі орман өртін сөндіру жалғасуда: маңындағы елдімекендерге қауіп төніп тұр

Опубликовано:

Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті. Фото: gov.kz

Абай облысында орманды шарпыған өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.Төтенше жағдайлар министрлігі орман өртіне байланысты жаңа деректер жариялады, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрттің таралуы толығымен тоқтатылды, өрт сөндіру жекелеген өрт ошақтарында жүргізіледі.

"Желдің күшеюіне байланысты тұзды көл ауданындағы үшінші учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 20 бірлік техника, жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды",- деді министрліктен.

ТЖМ өкілдері өрттің таралуының алдын алу мақсатында маңайдағы жерлер жыртылып, алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 1500 га құрағанын атап өтті.

"Березовка санаторийі (108 адам, 36 үй), Березовка қосалқы шаруашылығы (169 адам, 53 үй) елдімекендеріне қауіп төнуде.  Өрт орнына дейінгі қашықтық шамамен 5-7 км. Ол жерге 4 бірлік техника бағытталды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомство дерегінше, орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт поезы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ, орман өртін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-873 және "Қазавиақұтқару" су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшақтары сөндіруде. Қазіргі уақытта 59 рет (157,5 тонна) су өртке шашылды.

ТЖМ-де және Департаменттің дағдарыс орталығында, сондай-ақ жергілікті жерде жедел штабтар ұйымдастырылып, жедел желі телефондары жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін болатын солтүстік-шығысқа бағытталған жел күтіледі.

Айта кетейік, 22 мамыр күні сағат 15:25-те Абай облысы Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта орналасқан, Ресейдегі Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, дала өрті тұтанған болатын. Кейін өрт "Семей орманы" табиғи резерватына ойысқан еді.

ТЖМ мәліметінше, бүгін күндіз "Семей орманы" табиғи резерватындағы өрт аумағы 1100 гектарға дейін ұлғайғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021788-abai-oblysynda-orman-ortinin-taraluy-toqtatylganmen-berezovka-sanatoriiine-qauip-tonude/

pixel