Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы ірі орман өрті оқшауланды

Опубликовано:

Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары
Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары. Фото: gov.kz

Дүйсенбі, 22 мамыр күні Абай облысында басталған табиғи орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасы.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес жергілікті жерге тұрақты аэровизуалды тексеру жалғасуда.

"Шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ак өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы табиғи өрт 25 мамыр күні кешке оқшауланды", – делінген хабарламада.

Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800 астам адамы, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы және 10 тікұшақ жұмылдырылған. Барлығы 357 рет 892,5 тонна су ағызылды.

Еске салсақ, Ресейдегі Алтай өлкесінің аумағында тұтанған орман өрті Абай облысындағы орманға жайылған болатын.

Сейсенбі, 23 мамыр күні Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватындағы өрт аумағы 1100 гектарға дейін ұлғайып, жүздеген адам өртті сөндіруге атсалысқан еді.

Орманды шарпыған тілсіз жау сол маңдағы елдімекендерге қауіп төндірген болатын.

Кейін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев оқиға орнын тікұшақпен аралап шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022185-abai-oblysyndagy-iri-orman-orti-oqsaulandy/

pixel