jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Құрбан айт пен балалар күні": маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалады (фото)

Гүлдер
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар жаздың бірінші айында Құрбан айт мейрамына байланысты бір күн қосымша демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биыл 28 маусым, сәрсенбі Құрбан айттың бірінші күнімен сәйкес келеді. Елімізде Құрбан айт мерекесінің нақты күні жыл сайын өзгеріп отырады.

Еңбек кодексінде Құрбан айттың бірінші күні кесте мен жұмыс режиміне қарамастан, демалыс күні болып белгіленген.

Осылайша, 28 маусым, яғни сәрсенбі қазақстандықтар 1 күн қосымша демалыс алады.

Ал 1 маусым — Халықаралық балалар күні ресми демалыс күніне жатпайды.

Айта кетейік, биыл 1 маусым Алматы мен Астана қалаларында 4, 9, 11 сыныптарды бітірушілер үшін салтанатты шара болатыны хабарланды.

Маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Маусым айының күнтізбесі. Инфографика: NUR.KZ

"Құрбан айт пен балалар күні": маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.