Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптап ыстық күндері қостанайлықтардың орманға баруына шектеу қойылады

Опубликовано:

Орман
Орман. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов "Өрт қаупi жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына шектеу енгізу туралы" қаулыға қол қойды. Тиісті қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өрт қаупi жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Қостанай облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және барлық орман дақылдары жұмыстары мен орман шаруашылығын жүргiзу шектелсін", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар қаулыда облыс әкімі "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттiк орман қоры аумағында өрт қаупi жоғары кезең туралы уақытылы хабарлау қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, құжатта өңір басшысы мемлекеттiк орман қоры аумағына негізгі кіру жолдарына күзет бекеттерін орнату бойынша қажетті шаралар қабылдануын тапсырды.

Құжат 12 маусымнан бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ірі орман өрті болған еді.

Оқиға салдарынан екі елдімекендегі 91 тұрғын үй өртеніп кетіп, 2091 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023355-aptap-ystyq-kunderi-qostanailyqtardyn-ormanga-baruyna-sekteu-qoiylady/