jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Өткен аптада Таиландта тағы бір қазақстандық суға батып, көз жұмған

Теңіз
Теңіз. Көрнекі фото: Рexels.com

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ведомствода өткен брифингте Таиландта тағы бір қазақстандықтың суға батып, қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Айбек Смадияров 1 маусымда Таиландта Қазақстан азаматының суға батып кеткенін растаған болатын.

"Бұл осымен соңғы аптадағы екінші жағдай. 3 маусымда сол жағалауда тағы бір азаматымыз қайтыс болды – ол да барлық тыйымға қарамастан суға түсіп, үлкен толқындардың астында қалған", – дейді СІМ өкілі.

Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір консул марқұмдардың туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатыр, жақын арада суға кеткен азаматтардың денесі Қазақстанға жеткізіледі.

"Таиланд полициясы мен құтқарушыларының мәліметінше, мұндай әрекеттерге негізінен ТМД елдерінен келген туристер барады – статистика жыл сайын өсіп келеді.

Сондықтан біз өз азаматтарымыздан барған елдің барлық талабын, заңдары мен ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Егер суға түсуге тыйым салынған болса, демек бұл шомылуға тыйым салынған деген сөз. Бұл кездегі толқындар өте қауіпті. Жақындарыңыздың жанын ауыртпас үшін ережелерді сақтаңыздар", – дейді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, бұған дейін Таиландта суға батып кете жаздаған Қазақстан азаматының жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болған еді.

Бүгін таңертең жас жігіттің қайтыс болғаны хабарланды.

Өткен аптада Таиландта тағы бір қазақстандық суға батып, көз жұмған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.