Аптап ыстық және төтенше өрт қаупі: 7 маусым күні Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар ертең, яғни сәрсенбі күні Қазақстан аумағында өткінші жауын жауып, найзағай ойнайтынын және еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер болжамынша, ертең еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Павлодар, Абай, Шығыс-Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында аптап ыстық күтіледі
Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады.
Ал Алматы және Жетісу облыстарында аптап ыстық болуы ықтимал.
Сонымен қатар Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ТЖД алматылықтарды аптап ыстыққа байланысты серуендеуден бас тартуға шақырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023667-aptap-ystyq-zane-totense-ort-qaupi-7-mausym-kuni-qazaqstan-onirlerinde-aua-raiy-qandai-bolady/