Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында үсік жүретінін айтты
Опубликовано:

Синоптиктер алдағы күндері, 15-17 маусым аралығында еліміздің солтүстігі мен шығысында қандай ауа райы болатынын болжады. Мамандар аталған екі өңірде түнде үсік жүретінін айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Мамандар Қазақстанның батысына, оңтүстік-батысына және оңтүстік-шығысындағы ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсері болатынын айтады. Яғни олар будақ жаңбырлы бұлттардың пайда болуына себепші болмақ. Соның әсерінен өткінші жаңбыр, найзағай, жел мен шаңды дауыл күшейеді деп күтілуде.
Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы түнде +2...+10 градус жылы болады, бірақ топырақ бетінде -2 градусқа дейін үсік жүреді. Ал күндіз ауа массалары біртіндеп +20...+28 градус жылыдан +25...+32 градусқа дейін жоғарылайды.
Еске салсақ, бұған дейін еліміздің 7 облысында аптап ыстық күтілетіні хабарланған болатын.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2024753-sinoptikter-aldagy-kunderi-qazaqstannyn-soltustigi-men-sygysynda-usik-zuretinin-aitty/