Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы елордалық сот ресми сайтында хабарлады.

"2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.", - делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы Kaspi филиалында қарулы ер адам адамдарды кепілге алған болатын.

Оқиға орнына дереу құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетіп, адамдарды кепілге алған ер адаммен келіссөз басталды. Сондай-ақ Kaspi ғимараты орналасқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Біраз уақыттан кейін арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасап, жоспарланған операция нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды.

Кепілге алынғандарды босату операциясын Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі басқарды. Министр кепілге алған ер адамның қандай талаптар қойғанын да айтты.

Айта кетейік, операция нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Кепілге алынған азаматтардың үшеуі қатты шок алған, бірақ ешкім ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

Ал ұсталған 30 жастағы ер адамға қатысты "Адамды кепілге алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 12 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар оның есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұрғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025586-astanadagy-kaspi-filialynda-adamdardy-kepilge-algan-er-adam-eki-aiga-qamauga-alyndy/