Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында өрт кезінде халықтан жиналған 500 млн теңге қалай жұмсалуда: қоғамдық қор есеп берді

Опубликовано:

Облыстық Қоғамдық кеңестің арнайы комиссия отырысы
Облыстық қоғамдық кеңестің арнайы комиссиясының отырысы: Telegram/Абай облысының әкімдігі

Абай облысындағы орман өрті кезінде халықтан 500 млн теңге жиналған. Оның 100 млн теңгесі қаза тапқан 15 адамның жерлеу рәсімі мен олардың отбасына берілген баспанаға дүние-мүлік алуға жұмсалған. Ал қалған қаражат әзірге қайда жаратылатыны белгісіз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін, 27 маусымда Абай облыстық Қоғамдық кеңесінің арнайы комиссиясының кезекті отырысында айтылды.

Отырыста сөз алған "Ақ Ертіс" қоғамдық қорының өкілдері жиналған қаражаттың қалай жұмсалып жатқаны туралы хабарлады.

Қоғамдық қоры өкілі Қатият Мусайыновтың сөзінше, қаза тапқан 15 адамның жерлеу рәсімі мен олардың отбасыларына берілген баспаналарға дүние-мүлік алуға 100 млн теңге жұмсалған. Сондай-ақ ол Бородулиха ауданында баспанасы жанып кеткен екі тұрғынға үй салып беру қарастырылып жатқанын жеткізді. Ал артылған ақшаны қайда жұмсауға болатыны туралы әзірге нақты ақпарат айтылмады.

"Қазір қандай өтініш түсетінін білмейміз. Қор есебінен берілген баспаналардың ішін дүние-мүлікке толтырдық. Енді Бородулиха ауданының әкімдігі тарапынан орман қызметкерлеріне дрон алып беруге өтініш түссе қарастырамыз. Қаржыны қадағалап отырған жұмыс тобы шешім шығарса болды", - дейді Қатият Мусайынов.

Автор: Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026606-abai-oblysynda-ort-kezinde-xalyqtan-zinalgan-500-mln-tenge-qalai-zumsaluda-qogamdyq-qor-esep-berdi/