jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

40 градус ыстықта "қайнап тұрған" Атырау әуежайы жолаушылардың ашу-ызасын туғызды

Атырау халықаралық әуежайы
Атырау әуежайы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атырау әуежайының жолаушылары аптап ыстықта рейстерін жанып тұрған дәлізде күтуге мәжбүр. Ыстықта әбден ығыры шыққан халық өкпе-назын әлеуметтік желіде білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атырауда ыстықтың беті қайтпай тұр. Бұл күндері ауа температурасы 40 градустан асады. 112 қызметі де аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға жиі дабылды ескерту жолдап отыр.

"Апам Атырауға жұмыс сапарымен барған. Рейс кешігіп 6 сағаттай әуежайдың күту залында отырды. Жанып тұрған күнде әуежайдың іші одан да ыстық болғанын айтып, менің әлеуметтік желіде оқырмандарым көп болғандықтан, бөлісуімді өтінді. Дардай әуежайдың кондиционер қондыруға шамасы келмегені ме?", - дейді Аслан Искаков.

Әуежай
Әуежай. Фото: KAZ.NUR.KZ

"АТМА - аэропорт Атырау и перевозки" акционерлік қоғамының бас директоры Кемаль Авкан аталған фактіні растады. Айтуынша, күту залының есігі жиі ашылатын болғандықтан даладағы ыстық ауа ішке кіріп, салқындатқыш құрылғылары ішті салқындатып үлгермейді.

"Күту залында үш кондиционер жұмыс істеп тұр. Бірақ дала күйіп тұрған күндері техникалық ақау орын алып, құрылғылар суыта алмай жататыны рас. Қазіргі кезде диагностика жүргізілуде. Кондиционерлердің фильтрін тазалаудан өткіземіз. Бұл сұрақ біздің басты назарымызда" , - деп жауап берді әуежай басшылығы.

Автор: Әйгерім Сайқын

40 градус ыстықта "қайнап тұрған" Атырау әуежайы жолаушылардың ашу-ызасын туғызды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.