jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Күн өте ыстық": елорда тұрғыны көрпе-жастық төсеп, ауладағы орындықта түнеген (видео)

Аулада түнеген елордалық
Аулада түнеген елордалық. Кадрдан үзінді: Instagram / @astanovka98

Аптап ыстықта ауладағы орындықты төсекке айналдырып, сыртта түнеген Астана тұрғыны көптің назарына ілікті.

Бұл жайттың видеосы Astanovka98 Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Видео авторының айтуынша, сол күні аптап ыстық болған.

"Күн өте ыстық. Жатыр рахаттанып. Ой, шіркін-ай, десеңші", - дейді автор.

Видеодан көрпе-жастығын алып шыққан тұрғынның орындыққа ұйықтап жатқанын көруге болады.

"Ал сіздер ыстық ауа райымен қалай күресіп жүрсіздер?", - деп жазылған жазба астында.

Желі қолданушылары тұрғынның бұл әрекетіне түсіністік танытуға болатынын айтып, пікір қалдыруда.

"Далада ұйықтауға қорықпағанына қарағанда, ауылдан келген болар", "Дұрыс, дала өте ыстық, дем ала алмайсың", "Мұндай ыстықта ұйықтаса не болыпты, құқы бар, ыстықтасаңыздар, сіздер де сыртта ұйықтаңыздар", "Енді оған айыппұл салса, жақсы боласыңдар ма?", Заңгер ретінде айтарым, үй ауласында ұйықтаған адамға айыппұл қарастырылмаған", "Оны түсінемін, ыстықтан сыртта ұйықтауға өзім де дайын едім", "Жалаңаш емес, жамылып жатыр, ұйықтай берсін", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер елімізде 15-17 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжағаны туралы жазған едік.

"Күн өте ыстық": елорда тұрғыны көрпе-жастық төсеп, ауладағы орындықта түнеген (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.