Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көктемде табылған қар барысы еркіндікке жіберілді (видео)

Опубликовано:

Еркіндікке жіберілген қар барысы
Еркіндікке жіберілген қар барысы. Видеодан кадр: instagram.com/almatyzoo

Биыл көктемде Алматы облысы, Сарбастау ауылының маңынан әлсіреген қар барысы табылған болатын. Алматы хайуанаттар бағы Instagram парақшасында жыртқыштың еркіндікке жібергенін хабарлады.

Биыл 20 сәуірде Алматы облысында мал жайып жүрген тұрғын әлсіреп қалған қар барысын тауып алған еді. Қызыл кітапқа енген жануар ветеринарлық көмек көрсету үшін Алматы хайуанаттар бағына жеткізілген болатын.

Зообақта арнайы карантинде болып, мамандардың толық тексеруінен, емдеуден және оңалтудан өткеннен кейін жыртқыш 15 шілдеде Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына жіберілген.

Барысты табиғатқа шығарар алдында ветеринарлар оны қайтадан тексеруден өткізіп, салмағы мен бойын өлшеген.

"Алматы хайуанаттар бағында болған кезде барыс оңалтудан өтіп, 8 килограмнан астам салмақ жинап, денсаулығы толық жақсарып, табиғатқа шығуға дайын болды. Жануар күйзеліске ұшырамауы үшін тексеру және тасымалдау шаралары оны уақытша ұйықтату (наркоз қолдану) арқылы жүзеге асырылды. Зообақтан табиғатқа жіберілгенге дейін барыс ветеринарлардың бақылауында болды", - дейді зообақ өкілдері.

Алматы хайуанаттар бағының мәліметінше, қар барысы сирек кездесетін түр болғандықтан, ұлттық саябақтарда мекендейтін барыстар мен басқа да жануарларды зоологтар мұқият бақылайды.

Мамандар жануардың қозғалысын бақылап, оның тіршілігін қадағалап отыруы үшін қар барысының мойнына арнайы спутниктік таратқышы бар қарғыбау тағып қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028862-almaty-oblysynda-koktemde-tabylgan-qar-barysy-erkindikke-ziberildi-video/

pixel