Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырғандар саны 53-ке жеткен

Опубликовано:

кене
Кене. Көрнекі фото: Рixabay.com

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырған 53 науқас тіркелгенін атап өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведоство мәліметінше, Түркістанда Конго-Қырым қанды қызбасына қарсы атқарылған жұмыстар бойынша кеңес өтті.

Кеңесте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов Түркістан облысы аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы мәлімдеді.

"Биыл Қырым геморрагиялық қызбасы аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай отыр. Жаз басталысымен өңір бойынша Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырған 53 науқас тіркелген. Облыс аумағы Конго-Қырым қанды қызбасының эпидемиологиялық қолайсыз және эндемиялық табиғи ошағы болғандықтан, жыл сайын медицина қызметкерлері тарапынан дер кезінде толық эпидемиологиялық анамнез жинау, диагностикалау жұмыстарының сапасыз жүргізілуі салдарынан түрлі мәселелер, күрделі жағдайлар тіркелуде", - деді Нұрбек Нышанов.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындармен түсіндірме жұмыстар жүргізуді, күдікті науқастар мен қарым-қатынастағыларды толық медициналық бақылауға алып, ем жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында кене шаққан екі адамның, Түркістан облысында бір баланың қайтыс болғанын хабарлаған едік. Олардың барлығы Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029310-turkistan-oblysynda-kongo-qyrym-qandy-qyzbasyn-zuqtyrgandar-sany-53-ke-zetken/

pixel