Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақкенттегі өрттен кейін Алматы ТЖД қалалықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Алматыдағы өрт
Алматыдағы өрт. Фото: NUR.KZ

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінде Алатау ауданында болған өрт туралы қосымша ақпарат берді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

1 тамызда сағат 17:10-да ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алатау ауданы, "Ақкент" ш/а, 54 үй мекен жайы бойынша жіберілген болатын.

"Алғашқы өртке қарсы есептері 6 минутта келген сәтте 16 қабатты үйдің кабельдік шахтада электр кабельдер 80 ш.м. алаңында ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Райымбек даңғылында көлік кептелісі болғанына және өрт сөндіру техникасына жолды бөгеп, үйлердің жанында қойылған көліктерге қарамастан, алғашқы өрт есептері оқиға орнына 6 минутта жеткен", – делінген хабарламада.

ТЖД өрт салдарынан жоғарғы қабаттарда және эвакуация жолдарында қатты түтін шыққанын және жоғары температурадан тұрғындардың денсаулығына қауіп төнгенін айтты.

ТЖД мәліметінше, дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып 80 адам құтқарылған.

"Оның ішінде 35 адам құтқару қалпақтары арқылы, қалған тұрғындар - арнайы техниканың көмегімен 200-ден астам адам эвакуацияланды", – деп атап өтті Алматы Төтенше жағдайлар департаментінде.

Ведомство ақпаратынша, дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып, адамдарды эвакуациялау және құтқару үшін 3 өрт сатысы, 2 тасымалдау құрылғысы бар автокран, сондай ақ "аралас тәсілмен" қол өрт сатылары (үш иінді баспалдақ) орналастырылды.

Өрт сағат 18:46 өрт толығымен жойылды.

Алматы қаласы ТЖД 50 қызметкері мен 14 бірлік техникасы, полиция департаментінен 40 қызметкер, 11 бірлік техника, "109" құтқару қызметінен 12 қызметкер, 6 бірлік техника, 69 жәдел жәрдем қызметкері, 23 бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, өрт шыққан күні жапсарлас қойылған жеке авто көліктер өрт сөндіру жұмыстарына және өртті сөндіру техникасының өтуіне кедергі болған.

"Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл қызметтердің жол жүруіне кедергі жасамауды сұрайды", – деп атап өтті Алматы Төтенше жағдайлар департаментінде.

ТЖД өрт болған жағдайда үрей-дүрбелеңге түспеуге кеңес берді. Оған қоса барлық көпқабатты ғимаратта эвакуациялану үшін түтін кірмейтін баспалдақты орындар бар, оларға жету мүмкін болмаған жағдайда вентиляциялық каналдарды, пәтердің есігін жауып, балконға шығып, келген өрт сөндіру бөлімшелеріне сигнал беру қажет деп ескертті.

Ақкентте болған өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030921-aqkenttegi-ortten-keiin-almaty-tzd-qalalyqtarga-undeu-zasady/

pixel