Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дезерітіндіні шаймен шатастырып алған": Қарағандыда балалары уланған ата-аналар өз нұсқасын айтты

Опубликовано:

Қағаз толтырып жатқан дәрігер
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: Рexels.com

Қарағандыда балалардың жаппай улануына байланысты мемлекеттік арнайы комиссия шұғыл түрде жұмысын бастады. Ата-аналар өз нұсқаларын ортаға салып, жүйелі заң бұзушылықтар туралы айтып берді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Интернаттың 14 тәрбиеленушісі медицина қызметкерлерінің көмегіне мұқтаж болған - бір бала көз жұмды. Мамандар оқиғаның себебін анықтауда.

Бүгінде шенеуніктер тамақтан улану фактісін жоққа шығаруда, ал ата-аналар арнайы мекеменің қабырғасында жүйелі заң бұзушылықтар туралы айтып, өз нұсқаларын бөлісе бастады.

Телеарнаның хабарлауынша, 13 бала әлі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, барлығы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, алтауы жансақтау бөлімінде.

"Бүгінде нақты бір диагноз қойылған жоқ, өйткені барлық зертханалық-жабдықтық сараптама жүргізілуде. Балалар тамақтан улану диагнозымен (күмәнді) жатқызылды. Бақылаудың екінші күнінде бұл ішек қуысының инфекциясына ұқсамайтынын байқадық. Сондай-ақ барлық анализ шықпаған, сондықтан біз неден уланғанын алдын ала айта алмаймыз", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Зардап шеккен балалардың ата-аналары өз нұсқаларын алға тартты - олар интернаттағы балалар дені дұрыс қаралмайтынын айтады.

"Олар дезинфекциялық ерітіндіні шаймен шатастырып алған. Балалар оны ішіп қойды ғой, олар шөлдеген. Барлығын анықтап, білгім келеді. Оларда үнемі су краннан алынады. Мен бұған қол жеткізе алмадым. Оларда ақша жоқ", - деді олардың бірі.

Ал шенеуніктер орталықтағы балалардың қараусыз қалатынын жоққа шығаруда.

Олар жүйелі түрде тексеріс жүргізілетінін, мекемеде 115 камера істеп тұрғанын, тіпті мереке күндері әр маманның орнын басатын адам үнемі табылатынын айтты.

Тілшілердің айтуынша, бұл күндері мекеме басшысы еңбек демалысында болған, тергеу барысында 12 дәрігер жұмыстан шеттетілген - олардың міндетін Денсаулық сақтау министрлігі мен еліміздің жетекші клиникаларынан жіберілген мамандар атқаруда.

Дереккөз: КТК

Қарағандыда балалардың улануы

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болғаны туралы жазған едік.

Кейін Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова министрлер кабинетінің кулуарында Қарағандыда балалардың жаппай улануын тексеру барысында олардың тамақтан уланбағаны белгілі болғанын айтты.

Сонымен қатар улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдайды Бас прокуратура бақылауға алды.

Одан соң Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануынан кейін мекеме басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шығарылған болатын.

Сондай-ақ ауруханаға тағы екі бала келіп түскені туралы жазған болатынбыз. Қазір ауруханада тіркелген жалпы зардап шеккендер саны 14-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030944-dezeritindini-saimen-satastyryp-algan-qaragandyda-balalary-ulangan-ata-analar-oz-nusqasyn-aitty/

pixel