Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрттен кейін екі қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Жетісу облысы Полиция департаменті орынбасарлары тағайындалды
Полиция қызметкері. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков брифинг кезінде Ақкент ықшамауданындағы 16 қабатты үйден шыққан өрттен кейін екі қылмытық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінде қалалық прокуратурамен ведомствоаралық тергеу тобы құрылды, оның құрамына біздің анықтаушыларымыз кірді. "Өрт кезінде кісі өлімі" және "Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы" бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді Ерлан Әлібеков.

Ақкент ықшамауданындағы өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030977-almatyda-kopqabatty-uiden-syqqan-ortten-keiin-eki-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel