Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5-6 қабаттан құлаған": Ақкенттегі өрт салдарынан көз жұмған әйелдің қазасы туралы тың дерек шықты

Опубликовано:

Ақкенттегі өрт шыққан тұрғын үй
Ақкенттегі өрт шыққан тұрғын үй. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақкент шағынауданындағы өртте зардап шегіп, ауруханада көз жұмған әйелдің қазасының жай-жапсары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы емдеу-профилактикалық қызмет бөлімінің меңгерушісі Ләйлә Иманғалиеваның айтуынша, 1992 жылы туған әйел өміріне қауіп төндірген бірнеше дене жарақатынан қайтыс болған.

Оның сөзінше, әйел ауыр халде №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

"Жедел жәрдем бригадасының мәліметінше, ол өрт кезінде 5-6 қабаттан құлаған. Әйелдің түскен кездегі диагнозы - "кататравма". Қатарлас ауыр жарақат. Бірнеше жері сынған. Жанған заттардан улану. 2-3 дәрежелі жарақаттан есеңгіреу. Өлім өмірге қауіп төндірген жарақаттардан болды", - деді ол.

Ақкент ықшамауданындағы өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030994-5-6-qabattan-qulagan-aqkenttegi-ort-saldarynan-koz-zumgan-aieldin-qazasy-turaly-tyn-derek-syqty/

pixel