Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өртте қаза тапқан әйелдің отбасына пәтер берілетін болды

Опубликовано:

Аяқ киім және тұрғын үй
Ақкенттегі өрт шыққан тұрғын үй. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше өрт шыққан "Ақкент" тұрғын үй кешенін салған құрылыс компаниясы апатты жағдайда қайтыс болған әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер береді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылыс компаниясының мәліметіне сүйенген әкімдіктің хабарлауынша, марқұмның отбасына тегін екі бөлмелі пәтер беріледі.

"Компания атынан Әселдің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", - делінген құрылыс компания таратқан хабарламада.

Сонымен қатар құрылыс компаниясы өрт болған үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді.

"Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын өз мойнымызға алуға дайынбыз", - деді компанияның бас директоры.

Кеше өрт шыққан "Ақкент" тұрғын үй кешені 2017 жылы пайдалануға берілгені атап өтілді. Алайда 2020 жылдың қаңтарына дейін үй бос болған, үй иелері 2020 жылдан бастап қоныстанған.

Тұрғын үйге қызмет көрсететін орган "ЖК Аккент" МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) болып саналады.

Ақкент ықшамауданындағы өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031014-almatyda-ortte-qaza-tapqan-aieldin-otbasyna-pater-beriletin-boldy/

pixel