jitsu gif

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланатын күн белгілі болды

Университет аудиториясы
Университет аудиториясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысын жариялайтын күнді атады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

"Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамызда сағат 12:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл еліміз бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау кампаниясы 13 шілдеде басталған. Бір күннің ішінде 15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтінішін жіберген.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығы білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланатынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰТО отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін 2023-2024 оқу жылына арналған ҰБТ-ның шекті балдарын жариялаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.