Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белгісіз улы зат": ДСМ басшысы Қарағандыда балалардың неден уланған болуы мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Азжар Ғиният бүгін үкімет отырысында Қарағандыда балалардың жаппай улануына не себеп болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қарағанды облысындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан ауруханаға түскен 14 баланың бүгінде жетеуі ауруханадан шығарылды, 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

4 баланың жағдайы әзірге ауыр, бірақ ақырындап жақсарып келе жатыр, ал 2 баланың жағдайы өте ауыр.

Балалардың жағдайы неврологиялық тапшылықтың, интоксикация синдромының, тыныс алу жетіспеушілігінің салдарынан ауыр", – деді министр Ажар Ғиниятқызы.

Ол бұл оқиға бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тергеуі жалғасып жатқанын айтты. Балалар неден улануы мүмкін екені туралы алдын ала болжам бар.

"Алдын ала тергеу нәтижелері, зертханалық зерттеуден алынған деректер, аурудың даму сипаты (балалардың – ред.) тамақтан уланбағанын және жұқпалы ауру да емес екендігін көрсетеді.

Олар бұл халге белгісіз генездік улы заттан қатты улану себебінен түсуі ықтимал. Сот-медициналық сараптама жүргізілуде, балалардың жағдайы министрліктің ерекше бақылауында", деді министр.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ажар Ғиниятқа балалар ауруханадан шығарылғаннан кейін де олардың денсаулығын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

"Әкімдіктер интернаттардағы, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуі керек, Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның нақты себебі мен кінәлілерді анықтау бойынша жедел-тергеу шараларын мұқият жүргізсін", - деді ол.

Қарағандыда балалардың жаппай улануы

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болғаны туралы жазған едік.

Кейін Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова министрлер кабинетінің кулуарында Қарағандыда балалардың жаппай улануын тексеру барысында олардың тамақтан уланбағаны белгілі болғанын айтты.

Сонымен қатар улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдайды Бас прокуратура бақылауға алды.

Одан соң Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануынан кейін мекеме басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шығарылған болатын.

Ал 2 тамыз күні Уланған 14 баланың екеуі емделіп, қайтадан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031636-belgisiz-uly-zat-dsm-bassysy-qaragandyda-balalardyn-neden-ulangan-boluy-mumkin-ekenin-aitty/