Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғаш шекарадан өтуім": әлемді жаяу аралауға шыққан 73 жастағы қазақтандық Ресейге жетті

Опубликовано:

Сәрсенбай Қотырашов
Жиһанкез Сәрсенбай Қотырашов. Фото: instagram.com/ulytaumen

Ұлытаулық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Ресей шекарасына жеткенін мәлім етті. Ақсақал Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәрсенбай Қотырашовтың айтуынша, ол бірінші рет шекарадан өткелі тұр. Қария Атыраудан Қазақстан-Ресей шекарасына дейін 300 шақырымнан артық жаяу жүрген.

"Кейбір жері жаман, кей жері жақсы. Жол салынып жатыр, келесі жылға дейін бітетін шығар. Бүгін, міне, бірінші рет шекараны көріп тұрмын. Бірінші рет шекараға жетіп, өткелі тұрмын. Қобалжудамын. Алла жолын салса, өтермін. Хош, сау болыңыздар, қазақстандықтар!", - деді ол видеода.

Желі қолданушылары жиһанкезге сәттілік және елге аман-есен оралуын тіледі.

"Ақ жол, Сәрсенбай ата", "Аман-есен елге оралыңыз", "Жарайсыз, ата", "Ата, қойған мақсатыңызға жетіп, елге аман-есен оралуыңызға тілектеспін", - деп жазды желі қолданушылары.

Желі пайдаланушыларының жазуынша, Сәрсенбай Қотырашов жолға 2 тамызда шыққан. Кей азаматтардың пайымдауынша, жиһанкез күндіз 40-50 шақырым жүріп өтеді. Ал біреулері қария Қазақстанды аралап жүргенде тіпті жиһанкезбен жеке танысқанын айтты.

"2 тамызда жолға шыққан", "Бір жұмада 300 шақырым жүріп өткен бе?", "Ол кісі күндіз еркін 40-50 шақырым жүреді", "Мұражай күнінде Талдықорғандағы алаңда кездесіп едік қой. Ол кезде велосипедпен саяхаттаған едіңіз" - деді пікір білдірушілер.

Сәрсенбай Қотырашовтың жасы 73-те. Бұған дейін жиһанкез қоларбасын сүйреп, бүкіл Қазақстанды жаяу аралап шыққан болатын.

Еске сала кетейік, шілде айында жиһанкез әлемді жаяу аралауға ниетті екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031753-algas-sekaradan-otuim-alemdi-zayau-aralauga-syqqan-73-zastagy-qazaqtandyq-reseige-zetti/

pixel