Алматы аудандарының бірінде уақытша ыстық су өшіріледі
Опубликовано:
Алматы қаласының Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.
Әкімдік ақпаратынша, 14-19 тамыз аралығында Жетісу ауданының аумағында Первомайская мұнай базасы – Геологтар және Көкжиек шағын ауданы көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды.
"Шектеулер "Алматыжылукоммуннерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.
Әкімдіктегілер уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматының кейбір аудандарында уақытша ыстық су болмайтыны туралы жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2032079-almaty-audandarynyn-birinde-uaqytsa-ystyq-su-osiriledi/