jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Қазақстан" шахтасындағы апат: бір шахташының қайтыс болғаны туралы ақпарат расталмады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін кешке Қарағанды облысының әкімдігі "Қазақстан" шахтасындағы апаттан бір адамның қайтыс болғанын хабарлады. Бұған дейін екі адам мерт болды деген ақпарат таратылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Иә, расында да тек бір адамның денесі табылды. Тағы төрт адамды іздестіріп жатыр", - деп қысқа жауап берді NUR.KZ редакциясының сұрағына.

"Қазақстан" шахтасындағы апат

Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды.

Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты.

Сонымен қатар іздестіріліп жатқан бес адамның екеуінің денесі табылғаны хабарланған болатын.

Одан бөлек, облыстық прокуратура төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

"Қазақстан" шахтасындағы апат: бір шахташының қайтыс болғаны туралы ақпарат расталмады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.