Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісі бойынша сот отырысының күні белгіленді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Kaspi филиалындағы адамдарды кепілге алу кезі
Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Астанадағы Kaspi bank бөлімшесінде маусым айында адамдарды кепілге алған ер адамның ісі сотқа жіберілген еді. Енді сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды астаналық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елордалық сот өкілдері бұл іс бойынша Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатқанын айтты.

Бұл ретте істі сот өндірісіне қабылдау туралы қаулыда хабарланғандай, негізгі сот отырысы 2023 жылғы 29 тамыз сағат 10.00-ге болады бекітілген.

Сот ісі Қылмыстық кодекстің екі бабы (188-баптың 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша және 261-баптың 2-бөлігінің 4, 8 және 9-тармақтары "Адамды кепілге алу") бойынша қаралуда.

Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы Kaspi филиалында қарулы ер адам адамдарды кепілге алған болатын.

Оқиға орнына дереу құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетіп, адамдарды кепілге алған ер адаммен келіссөз басталды. Сондай-ақ Kaspi ғимараты орналасқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Біраз уақыттан кейін арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасап, жоспарланған операция нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды.

Кепілге алынғандарды босату операциясын Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі басқарды. Министр кепілге алған ер адамның қандай талаптар қойғанын да айтты.

Айта кетейік, операция нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Кепілге алынған азаматтардың үшеуі қатты шок алған, бірақ ешкім ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

Ал ұсталған 30 жастағы ер адамға қатысты "Адамды кепілге алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 12 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар оның есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұрғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033708-astanadagy-kaspi-filialynda-adamdardy-kepilge-alu-isi-boiynsa-sot-otyrysynyn-kuni-belgilendi/