jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 26 тамыз, сенбі күні Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы 31... 33 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал түнде ауа температурасы 21... 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Астанада да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы 22... 24 градус болады, түнде 9... 11 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, түнде 3-8 м/с құрайды.

Шымкентте күндіз көшпелі бұлтты, күннің соңында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы 34... 36 градусқа жетеді. Түнде болса көшпелі бұлтты және жауын-шашын болмайды, ал ауа температурасы 18... 20 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Желдің жылдамдығы күндіз 8-13 м/с, түнде 15-20 м/с жетеді.

Еске салсақ, бұған дейін бүгін, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталатыны, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны, дауыл және желдің күшеюі күтілетіні туралы ақпарат ұсынған едік. Сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің батысында және оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман болады, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.