Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы арнайы орталықта уланған тағы бір бала көз жұмды

Опубликовано:

Аурухана
Аурухана. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда арнайы әлеуметтік қызметтер орталығында уланып, ауруханаға түскен тағы бір бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қалалық көпсалалы балалар ауруханасында жатқан 2012 жылы туған бала 28 тамызда көз жұмған. Баланың жағдайы өте ауыр болған. Терапия тактикасы республикалық мамандармен талқыланған. Өлім себебі - жүрек жеткіліксіздігі.

Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болғаны туралы жазған едік.

Кейін Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова министрлер кабинетінің кулуарында Қарағандыда балалардың жаппай улануын тексеру барысында олардың тамақтан уланбағаны белгілі болғанын айтты.

Сонымен қатар улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдайды Бас прокуратура бақылауға алды.

Одан соң Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануынан кейін мекеме басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шығарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034296-qaragandydagy-arnaiy-ortalyqta-ulangan-tagy-bir-bala-koz-zumdy/

pixel