jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

73 жасында жер шарын жаяу аралауға шыққан қазақстандық қария Грузияға жетті (видео)

Сәрсенбай Қотырашов
Cаяхатшы Сәрсенбай Қотырашов. Видеодан кадр: "Хабар24"

Әлемді жаяу аралауға шыққан 73 жастағы қазақстандық жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Грузияға жетті. Қария Қазақстаннан Гүржі еліне жету үшін бір ай жүрген, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл – Сәрсенбай Қотырашевтың екінші сапары. Былтыр қария жарты жылда 8 мың шақырымды еңсеріп, Қазақстан ішін аралап шыққан. Бұл жолы шетел асып, Түркияға жетуге ниетті.

Сәрсенбай Қотырашев осы сапарын 2 тамызда бастаған. Жаяу жолға шыққан саяхатшы бүгінде Грузияның Тбилиси қаласына жеткен.

"Маған Грузияның ауа райы ұнады. Адамдары да ақжарқын, мейірімді, көпшіл екен. Құшақ жая қарсы алып жатыр. Грузин халқына алғысым шексіз", - дейді ол.

Қария өзімен бірге сөмкесі мен арбасын ғана алып жүреді. Жиһанкездің сөзінше, заманауи гаджеттер қажет емес, картамен керек жерін тауып алады.

Қазақстанда далада түней беретін саяхатшы шетелде жүргенде бұлай жасауға сескенетінін айтады. Сондықтан ол шағын қонақ үйлерге аялдап, таңертең жолға шығатынын атап өтті.

Қазіргі таңда қазақстандық жиһанкез Тбилисиден Батумиге жол тартқан. Батумиге жеткеннен кейін ол Түркия шекарасын асып, қазанның басында Стамбұлға жетуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемді жаяу аралауға шыққан Сәрсенбай Қотырашевтың Ресейге жеткенін хабарлаған едік.

73 жасында жер шарын жаяу аралауға шыққан қазақстандық қария Грузияға жетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.