Қазақстандықтар Таиландқа визасыз бара алады
Жарияланған күні:
Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында хабарлады.
"Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді", - делінген хабарламада.
Осылайша, қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет.
Жарамды жол жүру құжаты – Қазақстан азаматының паспорты, оның қолданылу мерзімі шекарадан өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036614-qazaqstandyqtar-tailandqa-vizasyz-bara-alady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.