Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда телехабар тарату қалпына келтірілді

Опубликовано:

Теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда спутниктік телехабар тарату қалпына келтірілді, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 қыркүйекте сағат 10:11-де спутниктік телерадио хабарларын тарату қалпына келтірілді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ тобы елдегі теле және радиохабарларын таратуды қалпына келтіру үшін таңға дейін жұмыс істеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 15 қыркүйекте Қазақстан кешкі уақытта спутниктік хабар тарату жүйесінде туындаған оқыс проблемаларға байланысты бірнеше телеарналардың эфир таратуында кедергілер туындағанын жазған едік.

Сондай-ақ "KazSat-3" ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатқанын, телехабарт тарату шамамен сағат 12:00 де қалпына келтірілетінін хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036858-qazaqstanda-telexabar-taratu-qalpyna-keltirildi/

pixel