jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматыда көшелердің бірінде жол жөндеу жұмыстарына орай аптаның соңына дейін ішінара жол жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 1 қазан күні жол жөндеу жұмыстарына байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде ішінара жол жабылады. Бұл туралы Almaty_joly Telegram-арнасында хабарлады.

Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, 25 қыркүйек сағат 23.00-ден 1 қазан сағат 6.00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей Жәнібек хандары көшесінің бойымен Тәттімбет көшесінен №378 үйге дейінгі жол ішінара жабылады.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Жол бағытын алдын ала жоспарлап алыңыздар", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жылу желілерінің жөндеу жұмыстары аяқталған соң Гагарин даңғылы бойында көлік қозғалысы қайта жанданғаны туралы жазған едік.

Гагарин даңғылы бойындағы учаскеде жылу желілерін қайта қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған болатын. Жолға асфальт бетон төселіп, көлік қозғалысы қайта жанданған.

Алматыда көшелердің бірінде жол жөндеу жұмыстарына орай аптаның соңына дейін ішінара жол жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.