jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жүрек тұсына екі саусағын қойған: Атырау облысында әскери қызметкер әнұранды құрметтемегені үшін жазаланды

әскери
Әскери қызметші. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында әскери қызметкерге әнұранды құрметтемегені үшін айыппұл салынды. Ол жүрек тұсына екі саусағын ғана қойып тұрған, деп хабрлайды ATPress.kz.

Басылым мәліметінше, бұл жайт Мақат ауданында "Зарница" әскери-спорттық ойыны басталар кезде болған.

Мемлекеттік әнұран орындалған кезде әскери қызметкерлердің бірі жүрек тұсына екі саусағын қойып, әнұранға құрметсіздік танытқан.

"Осыған байланысты Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталық облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкіміне ұсыныс жолдады", - деп жазады басылым.

Басылым ақпаратынша, ер адам ӘҚБтК-нің 458-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Жүрек тұсына екі саусағын қойған: Атырау облысында әскери қызметкер әнұранды құрметтемегені үшін жазаланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.