Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: "Оператор РОП" ісі бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алынған жоқ

Опубликовано:

Әлия Назарбаева
Әлия Назарбаева. Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Әлия Назарбаевадан "Оператор РОП" ісі бойынша жауап алынған жоқ. Қадағалау органы бұл істегі оның мәртебесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбекке "Оператор РОП" ЖШС-дағы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ақшалай қаражатты жымқырғаны үшін түрлі мерзімге жаза кесілді", - деп еске салды Бас прокуратура өкілдері.

Ведомство өкілдері сондай-ақ Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 22 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

"Осы іс аясында (Әлия – ред. ескерт.) Назарбаевадан жауап алынған жоқ, тиісінше, қылмыстық қудалау органы оған ешқандай мәртебе берген жоқ", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әлия Назарбаеваға қатысты қадағалау органына қандай да бір өтініштің түскен-түспегені туралы айтқан болатын.

"Оператор РОП" ісі

2022 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев "Оператор РОП" компаниясының қызметі көптеген сұрақ туғызатынын айтты. Оның қызметін тоқтату туралы тапсырма берді.

19 қаңтарда Қазақстандағы "Оператор РОП" ЖШС жұмысы тоқтатылып, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін басқару функциялары "Жасыл Даму" АҚ мемлекеттік ұйымына берілді.

"Оператор РОП" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты тергеу басталды - құқыққорғаушылардың нұсқасы бойынша утильалым мөлшерін көтеру арқылы ақша жымқырылған болуы мүмкін.

Өткен жылдың сәуір айында "Оператор РОП" ЖШС бұрынғы басқарушы директорының ұсталғаны белгілі болды. Содан кейін Антикор Экология министрлігі мен "Оператор РОП" ЖШС лауазымды тұлғалары 180 млрд теңгені ұрлауды жоспарлағанын мәлімдеді.

2023 жылдың 6 сәуірінде "Оператор РОП" ісі бойынша сотта алдын ала тыңдау өтті - онда күдіктілердің бірінің адвокаты тергеуді қайта жалғастыруды және ЖШС құрылтайшысы Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұраған.

Шілде айында Астанада "Оператор РОП" ЖШС-не қатысты сот үкімі шықты.

Жақында елордада "Оператор РОП" ісі бойынша апелляциялық шағымға қатысты сот отырысы өтті. Прокурор сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039130-bas-prokuratura-operator-rop-isi-boiynsa-aliya-nazarbaevadan-zauap-alyngan-zoq/

pixel