Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылу жүйесі 68 пайызға тозған Семей алдағы қысқа дайын ба: облыс әкімі пікір білдірді (фото)

Опубликовано:

Семей қаласы
Жылу құбырын жаңарту жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ

Абай облысының орталығы Семейде жылу құбырларының 68 пайызы әбден ескірген. Шаһардағы жылу желілерінің 224 шақырымын жаңарту керек. Қалада күн суытса да жылу жүйесін жөндеу әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Семейде жылу құбырлары 40 жылдан бері жөндеу көрмеген. Соның салдарынан былтыр қыста жылу желісінде апат көбейген. Халықты жылумен тұрақты қамту үшін жергілікті әкімдік күн суытқанда жер қопарып әлек. Қазіргі уақытта жоспарланған 26 жоба кеш жүзеге асып жатыр.

жылу жүйесі
Жылыту жүйесін жөндеу жұмысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Біріншіден сатып алу конкурстары. Осыған байланысты. Екіншіден, кеш деп айтуға болмайды. Осы жобаларымыз мамыр айында біткен. Бізде дайын жобалар болған жоқ. Осы жобалар біткеннен кейін, біз үкіметтен қаражат сұраймыз. Сондықтан үкіметке алғысымыз шексіз. Себебі осы жылу жүйелерін жөндеуге 16,3 млрд теңге бөлінді",- дейді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

құбыр ауыстыру жұмысы
Құбыр ауыстыру жұмысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал биылғы жөндеу жұмыстары нәтижесінде тозған жылу желілерінің 55 пайызы бәз қалпында қалмақ. Әкімдік мәліметінше, жаңартуды талап кеткен 68 пайыз жылу құбырының тек 13 пайызы ғана жаңартылады. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстарды дереу аяқтау жоспарланған. Әйтсе де өңір әкімі қаһарлы қысқа қазандықтардың дайын екенін мәлімдеді.

"Біз жылыту маусымына дайынбыз. Келесі аптадан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі", - деді өңір әкімі.

Автор: Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039739-zylu-zuiesi-68-paiyzga-tozgan-semei-aldagy-qysqa-daiyn-ba-oblys-akimi-pikir-bildirdi-foto/

pixel