Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары кешке көлік көп жиналатын "тойханалар көшесіне" бағдаршам қоюды сұрады

Опубликовано:

тойханалар
Тойханалар. Фото: тұрғындардың жеке мұрағатынан

Соңғы жылдары Алматыға іргелес Бесағаш ауылы тойханалардың орталығына айналды. Ауылдағы Аэропорт көшесінің жиегінде екі-үш жылдың ішінде пайда болған бірнеше зәулім мейрамханада күнара той-жиын өтетіндіктен кешқұрым көлік көп жиналады. Аталмыш тойханалар мектепке көршілес орналасқан, оның үстіне көшеде жарық жоқ. Сол себепті жолды күнделікті кешқұрым кесіп өтетін оқушылар өмірі үшін қауіпті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бесағаштықтар Аэропортная көшесі мен Хамраев көшесі қиылысына бағдаршам орнату мәселесін көтеріп отыр. Олардың айтуынша, бұл көше қиылысы ауылдағы мектеп оқушылары (Орынтай ықшамауданы, Тұздыбастау, Аспан сити тұрғын үй кешеніне қайтатын) күнделікті кесіп өтетін жол учаскесі.

"Ол жерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақ болғанымен көп жағдайда көліктер қатты жылдамдықпен келіп, тоқтамай өте шығады. Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушы өлімі де тіркелген", - дейді олар.

Тұрғындар бұл жерде әсіресе кешкілік уақытта, балалар мектептен үйге қайтар шақта жол қозғалысы бейберекетке айналатынын айтады.

"Қаз-қатар салынған тойханаларға кешкі уақытта көлік көп жиналады, әсіресе кешкі сағат 18.00-19.00 аралығы Хамраев көшесінен сабақтан үйіне қайтқан оқушы, ата-анаға қиын.

Көліктер қатты жылдамдықпен жүреді, жол бермейді, кейін тойханаға төмен жақтан келген көліктер жолдың қарсы бетіне бұрылу үшін бір жолақпен емес екі жолаққа тұрып, жол ережесін бұзады", - дейді Жанар есімді тұрғын.

жаяу жүргіншілер жолағы
Жаяу жүргіншілер жолағы. Фото: тұрғындардың жеке мұрағатынан

Тұрғындардың тағы бір айтқан уәжі - көше қиылысында жаяу жүргінші жолағы жарықпен қамтамасыз етілмеген.

"Кешкі алаң-елең уақытта балалар сабақтан шыққанда өту қиын. Жаяу жүргінші жолағына жақындап қалғанын білдіретін ешқандай алдын ала ескерту белгілері жоқ"- дейді олар.

Тұрғындардың сөзінше, Аэропортная көшесінде көлік қозғалысы қазір одан да қиындаған. Себебі жақында Құлжа тас жолы - Бұқтырма көшесі қиылысындағы үлкен жол айрығының құрылысының толық аяқталып, көлік ағыны көбейген.

Ауыл тұрғындарының талабы бойынша портал тілшісінің сауалына Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов жауап берді.

"Полиция басқармасы қызметкерлері Бесағаштағы аталған көше қиылысын зерделеді. Оның барысында берілген автожол учаскесі Алматы қаласының аумағына жататыны анықталды", - делінген хабарламада.

Тұрғындар өтініші одан әрі Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының қарауына жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040153-almaty-irgesindegi-auyl-turgyndary-keske-kolik-kop-zinalatyn-toixanalar-kosesine-bagdarsam-qoyudy-surady/

pixel